Бұл білім беру бағдарламасы Arizona State University (Thunderbird School of Global Management) "Global Management" мамандығының оқу жоспары негізінде әзірленген және жаһандық экономика жағдайында табысты стратегияларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті, халықаралық компаниялардың, үкіметтердің және коммерциялық емес ұйымдардың табысты көшбасшылары болуға мүмкіндік беретін дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған. Түлек ортаның кросс-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі тәсіл, қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар негізінде халықаралық деңгейде кездесетін проблемалар бойынша жаһандық ұйым үшін басқарушылық шешімдерді әзірлеу дағдыларына ие болады.
Оқытудың артықшылықтары:
- Алматы менеджмент Университетінің (AlmaU) дипломын және АҚШ - тың ең инновациялық университеті-Arizona State University (ASU) дипломын бір мезгілде алу мүмкіндігі.
- АҚШ-қа оқуға кеткен кезде студент АҚШ аумағында 12 айға дейін жұмыс істеу құқығына ие болады (OPT, Optional Practical Training).
- Студент сондай-ақ ASU-да 4 курста университеттің білім беру платформасында қашықтықтан оқыту форматында оқи алады.
Негізгі пәндер: Жаһандық бизнесті жүргізу және кәсіби даму дағдылары; Аймақтық басқару ортасы; Жаһандық кәсіпкерлік; Көпұлтты ұйымдық көшбасшылық; Жаһандық ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп; Әлемдік экономикадағы үлкен деректер.
Болашақтағы мансаптар:
- Корпоративтік басқару, Маркетинг, Есеп, HR, сауда саласында халықаралық компанияның құрылымдық бөлімшелерінде менеджер
- Халықаралық компания бөлімшелерінің басшысы
- Өз компаниясының негізін қалаушы