Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Мемлекеттік қаржы"

«Мемлекеттік қаржы» мамандығы инвестициялық және қаржылық басқару шешімдерін ақпараттық қолдаудың қажетті дағдыларына ие, қаржыны басқару, қаржылық талдау, қаржылық және салықтық жоспарлау, қаржылық менеджмент саласында жоғары білікті басшылар мен мемлекеттік деңгейдегі мамандарды даярлауға бағытталған. 

 

Бағдарламаның ерекшеліктері

Бұл Бағдарлама инвестициялық банк ісі және корпоративтік қаржы сияқты салаларда жұмыс істеу үшін халықаралық деңгейдегі білікті мамандарды даярлауды көздейді. Оқыту стратегиялық және қаржылық жоспарлау, компаниялардың экономикасы, ақпараттық технологиялар саласында кең білімі мен құралдарына ие маман даярлауды қамтиды. Оқу барысында студент ұйым ішінде тиімді қаржылық модельдерді құру, капиталды тарту схемаларын әзірлеу, жобалардың инвестициялық тартымдылығын бағалау, ақша ағындарын басқару, компанияның қаржылық тиімділігін басқару және қаржылық стратегияны әзірлеу туралы білім алады.

 

Бейіндік пәндер:

  • Мемлекеттік қаржы
  • Бағалы қағаздар нарығы
  • Банк ісі
  • Мемлекеттік бюджет
  • Сақтандыру
  • Бағалы қағаздар нарығы
  • Кәсіпкерлік құқық
    Іскерлік хат (мемлекеттік тілде)

 

«Мемлекеттік қаржы» мамандығы бойынша диплом алған түлектер Қазақстанның Қаржы министрлігінде (мемлекеттік кірістер комитеті, Қаржы мониторингі комитеті), муниципалды мекемелерде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында және басқа да мемлекеттік мекемелерде жұмыс істей алады.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз