Білім беру бағдарламасының мақсаты - өндірісті аналитикалық бақылауды өз бетінше жоспарлауға, жобалауға және орындауға қабілетті, сонымен бірге заттарды химиялық талдай алатын мамандарды даярлау.
Дуалды оқыту элементтері бар білім беру бағдарламасы, академиялық алмасу бағдарламасы, қосымша білім беру бағдарламасын меңгеру мүмкіндігі (Minor).
Білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі:
Химия, математика, физика, АКТ, әлеуметтік пәндер саласы бойынша базалық білімі бар.
Заттар мен материалдарды химиялық талдаудың заманауи және дәстүрлі әдістерін жетік меңгерген.
Эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу және талдауда қолданбалы есептерді шеше алады, деректер ғылымының модельдері мен әдістерінің негізінде жатқан ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін қолдана алады.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және орнықты даму идеяларын қалыптастыруға бағдарланған.
Қойылған мақсаттарды тиімді орындау үшін сындарлы өзара іс-қимыл жасауға, шешім қабылдауға қабілетті.
Технологияларды барынша тиімді пайдалану кезінде өмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін сандық құзыреттілікті көрсетеді.
Креативтілік, шығармашылыққа және инновацияға қабілеттілік танытады.
Төзімділік, тарихи және мәдени мұраны құрметтей отырып, әртүрлі тілдік ортада қарым-қатынас жасайды.
Елдің әрбір азаматының өзін-өзі танытуына жағдай жасауға қатысады.
Кәсіби қызмет объектілері: талдамалық бақылау, экологиялық мониторинг, криминалистикалық сараптама, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтерінің өндірістік зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары.