БББ мақсаты: Ғылыми, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін химия және химиялық, экологиялық және криминалистикалық сараптама саласында дағдылары мен құзыреттілігі бар, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
- Эксперименттік деректерді, мәліметтерді өңдеу әдістерін қолдана отырып, зерттеудің оңтайлы құрамы мен параметрлерін ұсыну.
- Іргелі химияның теориялық білімі негізінде әртүрлі заттар мен материалдардың химиялық құрамын, табиғаты мен қасиеттерін орнату.
- Заттар мен материалдарды талдаудың аналитикалық әдістерінің нәтижелерін қорытындылау және оларды соттық, криминалистикалық, экологиялық, химиялық сараптамада қолдану.
- Қолданбалы химия теориясы негізінде химия және экология салаларында шикізат пен өнімдерге сараптама жүргізу.
- Қолданыстағы заңнаманы, сараптамалық қызметте құқықтық актілерді негізді қолдану, өндірістік міндеттерді шешу үшін нәтижелерді ұсыну.
- Тұжырымдардар мен қорытындыларды тұжырымдау үшін өндірістің әртүрлі салалары мен қоршаған ортаның тауарларын сараптаудан алынған нәтижелерді талдау және өңдеу.
- Сот-медициналық және криминалистік сараптаманың заттай дәлелдемелерін тексеру актілерін жасау.
- Қосымша білім беру шеңберінде алған фармацевтикалық химия бойынша білімді қорытындылау және дәрілік заттардың сапасын бақылау және сақтау дағдыларын қолдану.
Пәндер туралы мәліметтер: Қоғамдық сана жаңғыруы және оның өзекті мәселелері, Газ және мұнай өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің сапасын талдау, Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндері, Химиялық қосылыстардың номенклатурасы және жіктелу, Экологиялық аудит негіздері, Криминалистикадағы химиялық сараптама, Фармацевтикалық өндіріс тауарларының химиялық сараптамасы, Табиғи және ағызынды сулардың құрамын зерттеу әдістемесі, Соттық сараптама өндірісі және олардың нәтижелерін толтыру, Соттық сурет және сараптама, Құжаттардың соттық сараптамасы, Азық-түлік өнімдерінің химиялық сараптамасы, Жарылғыш заттардың сараптамасы, Tұрмыстық химия тауарларының сараптамасы және басқалар.