Экономикадағы ақпараттық және инновациялық технологиялар – цифрлық экономика саласындағы басқарушылық, экономикалық және IT дағдылары бар инженерлерді – болашақтың халықаралық мамандарын дайындауға арналған заманауи білім беру бағдарламасы: үлкен деректер, блокчейн, Web 2.0 технологиялары, VR және IR , т.б.
Алынған дағдылар:
-
Цифрлық экономиканың әртүрлі салаларында бизнес пен кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, құру және жүргізу
-
Жеке және мемлекеттік компаниялардың бизнес-процестерін тиімді басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде тәуекелдерді басқару
-
Пайдаланылатын ресурстардың экономикалық тиімділігін, кәсіпорынның және тұтастай экономиканың қаржылық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін бағалау
-
Экономикалық процестердің өзгеруін бағалау және компания мен мемлекеттің экономикалық саясаты саласында шешімдер қабылдау үшін экономикалық қызметке талдау, Экономикалық-математикалық модельдеу және эконометрикалық талдау жүргізу
Болашақ мамандықтар: Жетекші; Экономика инженері; Экономикадағы математикалық әдістер бойынша маман; Тұрақты даму жөніндегі маман (менеджер) (ESG); Стратегиялық жоспарлау менеджері; Халықаралық Менеджер; Бизнес-талдаушы; Жоба менеджері; Электрондық бизнес бойынша кеңесші тағы 86 мамандық.