«Электр энергетикасындағы ақпараттық технологиялар» – ақпараттық технологиялар саласында терең құзыреттілігі бар энергетика саласындағы инженер-мамандарды даярлауға арналған заманауи білім беру бағдарламасы.
Алынған дағдылар:
-
Дәстүрлі және баламалы энергия көздерінен электрмен жабдықтау жобаларын әзірлеу
-
Жеке объектілерді электрмен қауіпсіз қамтамасыз ету мәселелерін шешу
-
Жасанды интеллект арқылы шешім қабылдау алгоритмдерін әзірлеу, талдау, жетілдіру
-
Желілердің киберқауіпсіздік жүйелерін тестілеу, алдын алу және бақылау, әлсіз жақтарын анықтау
-
Жобаланатын объектіні электрмен жабдықтаудың ықтимал көздерін таңдаудың техникалық-экономикалық негіздемесін анықтау және дайындау
Болашақ мамандықтар: Әзірлеуші - автономды энергетикалық жүйелерді жобалаушы; Энергетика секторындағы күрделі желілердің киберқауіпсіздігі бойынша маман; Жасанды интеллект әзірлеу және енгізу инженері (Smart Grid); Энергия менеджері; Дәстүрлі энергетика жабдықтарын жаңғырту жөніндегі Инженер; Инженер-электротехник; Энергетика инженері; Интеллектуалды энергия желілерінің жүйелік инженері; Электрмен жабдықтау жөніндегі маман; Жергілікті электрмен жабдықтау жүйелерінің маманы тағы басқалар.