Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Шетел филологиясы: өзбек тілі"

БББ мақсаты: Қазіргі өзбек филология бағыты бойынша іргелі білімге ие,  алған білімдерін ғылыми-практикалық, зерттеушілік және редакциялық қызметінде қолдана алатын бакалаврлар дайындау.
 

Қалыптасатын оқыту нәтижелері:

  • Кәсіби сөйлеу мәдениетін игергендігін және өзбек лингвистика мен әдебиеттанудың негізгі теориялық түсініктемелері бойынша алған озық мамандандырылған білімдерін көрсетеді, кәсіби қызметтерінде және жеке зерттеу жұмыстарында өз беттерінше шешімдер қабылдайды.
  • Теориялық негіздерді және өзбек тілін кәсіби деңгейде оқыту әдістемесі бойынша оқыту технологияларын білу, жалпы орта мектептерде және кәсіптік оқу орындарында, өзбек тілі мен әдебиетінен сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыру және енгізу.
  • Өзбек әдеби тілінің нормаларын, функционалдық сөйлеу стилінің жүйесін практикада қолдану дағдыларын меңгеру; дәйектеу және көркем шығармаларды мәнерлеп оқу; ежелгі түркі ескерткіштеріндегі мәтіндерді еркін оқу, түсіну және талдау.
  • Аргументтерді қалыптастыру және өзбек лингвистикасы мен  әдебиеттану және оқыту әдістемесі салаларындағы мәселелерді шешу.
  • Ақпарат жинау, ақпаратты түсіндіру және ғылыми материалдарды дайындау, филологиялық  ғылым саласындағы нәтижелерді өңдеу, тіл және әдебиет курстарын басқа пәндермен пәнаралық байланысын қамтамасыз ету.
  • Сауатты сөйлей алады, БАҚ редакциясына жеткілікті теориялық дайындығы бар, ақпаратты жұртшылыққа шеберлікпен жеткізе біледі, басқару қызметі арқылы БАҚ рейтингісін көтеруге атсалысады жаңа мәселелер мен жағдаяттарды шешуге жаңашылдықпен ойлау және шығармашылықпен келеді, мемлекеттің экономикадағы рөлі мен негізгі қызметтері туралы білімі болады.

 

Пәндер туралы мәліметтер: Кәсіби қазақ (орыс) тіл, Теориялық және қолданбалы лингвистика, Базалық шетел тілі, Графика және орфография, Әдебиеттану ғылымындағы зерттеулер, Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы, ХІХ ғасырдағы өзбек әдебиетінің тарихы, XV-XVIII ғасырлардағы өзбек әдебиетінің тарихы, Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде өзбек әдебиетін оқытудың әдістемесі, ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет, Өзбек тілін оқытудағы жаңа технологиялар, Өзбек әдебиетін оқытудағы жаңа технологиялар, Қазіргі өзбек тілінің синтаксисі, Білім алушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру технологиясы, Өзбек диалектологиясы және басқалар.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз