Өрт қауіпсіздігі технигі мамандығы біздің заманымызда өте қажет. Өндіріс дамиды, жаңа заманауи тұрғын үйлер мен сауда-ойын-сауық кешендері салынуда, онда өрт қауіпсіздігі қатаң сақталуға міндетті, өйткені адамдардың өмірі мен денсаулығы осыған байланысты. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі бірқатар салаларды қамтиды.
1. Қызмет саласы:
ұйымдастыру-қызметтік:
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік шараларды жүзеге асыру;
- жеке тұлғаның, мүліктің және қоғамның өрттен қорғалуын қамтамасыз ету бойынша орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру;
- стандартты емес жағдайларда қызметті жоспарлау кезінде оңтайлы шешімдерді таңдау;
- жеке құрамның қарауылдық қызмет атқаруына бақылауды жүзеге асыру; өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын пайдалануды және қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- өртке қарсы насихат жүргізу және азаматтарды, объект персоналын өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту;
- барлық қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өмір қауіпсіздігін және денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету;
- өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарын алдын ала жоспарлау құжаттарын әзірлеу;
қадағалау-профилактикалық:
- объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру және мақсатты тексеру жүргізу;
- өртке қарсы режимді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеу;
- объектілерді, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу, қайта құру және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері талаптарының сақталуын қадағалау;
- өрттердің есебін жүргізу және оларды талдау;
жедел-тактикалық:
- жеке құрамның жауынгерлік дайындығын жүргізу;
- өртті сөндіру және онымен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
- өртте жауынгерлік іс-қимылдарды басқару.
2. Кәсіби құзыреттер:
- өртке қарсы күрес саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы, өрт қауіпсіздігінің стандарттарын, нормалары мен ережелерін тәжірибеде қолдану;
- объектілердің, ғимараттардың, құрылыстардың, негізгі технологиялық процестердің өрт қауіптілігін талдау;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қадағалау бойынша іс-шараларды әзірлеу;
- жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектілерге тексеру және мақсатты тексеру жүргізу, өртке қарсы насихаттау және объектілер қызметкерлері мен азаматтарды оқыту;
-әртүрлі объектілерде және елді мекендерде өрттерді сөндіруді және олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
- материалдарды мақсаты мен жануы бойынша жіктеуге;
- өрт күзетінде қолданылатын байланыстың техникалық құралдарының кешенін пайдалану.