Алдағы уақытта цифрлық технологиялар саласындағы заңгерлерге деген сұраныс тек арта түседі. Өйткені көптеген IT компаниялар жаңа цифрлық технологияларды енгізу кезінде құқықтық тәуекелдерді бағалау үшін де, IT компаниялардың бизнесін құқықтық тұрғыдан сүйемелдеу, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы дауларды шешу кезінде IT саласында біліктілігі бар заңгерлерді жұмысқа тартады.
"IT Law" білім беру бағдарламасы қазақстандық заңнаманың ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқықтың ерекшелігін ескере отырып әзірленген, өйткені жоғары технологиялар саласындағы құқықтарды қорғау жөніндегі қызмет бір елдің заңнамасынан әлдеқайда асып түседі.