«Көлік ұйымдастыру және автомобиль көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша кассирдің кейбір міндеттері:
- Жолаушыларға жол жүру құжатын сатқан кезде жөнелтілетін уақыт пен күн, рейстің нөмірі, вокзал, станция, әуежай, баратын жер туралы ақпарат беру;
- Билеттерді, багажды және әртүрлі қызметтерді төлеу туралы түбіртектерді, отырғызу талондарын және басқа да жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу және сату;
- Жолаушының жеке басын куәландыратын және арнайы аймақтарға кіру құқығын беретін құжаттарды тексеру;
- Жолаушылардың сапардан бас тарту жағдайларында жол жүру құжаттарын қабылдау және төленген ақшаны белгіленген тәртіппен қайтару;
- Отырғызу талондарының бар-жоғын есепке алу;
- Билет басып шығаратын машиналар мен автоматтарды билет таспасымен зарядтау, ақша айыратын автоматтарды тиындармен толтыру;
- Кассалар арасында орындарды бөлу және пойыз, кеме, автобус, ұшақ жөнелтілгеннен кейін бос орындардың қалдығы туралы мәліметтерді беру;
- Маусымдық, айлық, онкүндік жол жүру құжаттарын және абонементтік талондарды сату;
- Билет басып шығаратын автоматтарды пайдалану үшін жолаушыларға ақша айыруды жүзеге асыру;
- Пайдаланылатын жабдықтар мен құрылғылардың техникалық қызмет көрсетуіне, жөндеуіне, реттеуіне, баптауына және майда жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысу;
- Тарифтік және қосалқы басшылықтарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
- Ақша қаражатын белгіленген тәртіппен тапсыру;
- Ақша қаражатын, тіркелген есептілік бланкілерін, басқа да материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету;
- Байланыс құралдарының, көрнекі ақпараттың, жұмыс құралдарының дұрыстығын тексеру;
- Тіркелген есептілік бланкілерін тапсырыс беру және алу;
- Белгіленген мерзімділікке сәйкес кассалық есептерді және билет сату мен тіркелген есептілік бланкілерінің қозғалысы туралы есептерді жасау.
- Кассирдің нақты міндеттері ұйым мен жұмыс жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.