БББ мақсаты: Орман ресурстары, аң шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында стратегиялық ойлауға, олардың әлеуметтік-мәдени және жеке-жеке тұлғалық салдарларын ескере отырып, шешімдер қабылдауға қабілетті, этикалық және құқықтық нормаларды білетін және оларды өзінің кәсіби қызметінде пайдаланатын, нақты мақсаттар қоя алатын, табиғи ресурстарды сақтау және көбейту игілігі үшін нақты тұрақты практикалық нәтижелерге қол жеткізе алатын білікті мамандар даярлау.
Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін түлектер:
- Ботаника, флора мен фауна және басқа да арнайы биологиялық пәндерден латын терминдерін қолдана отырып, бал, дәрілік және улы өсімдіктерді жинау, сақтау және пайдалануын, анатомиялық, морфологиялық, химиялық сипаттамаларын, негізгі белсенді заттарын, химиялық құрамын сипаттау.
- Жануарлардың физиологиясын, мінез-құлық процестерін және психикасын, негізгі тұқымдарын, конституциясы мен экстерьерін біле отырып, аңшылық жануарлар мен араларды күтіп-баптау, азық-түлік базасын қалыптастыру, оларды одан әрі пайдалану үшін өсіру әдістерін қолдану.
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және сақтау үшін ресурстану, аквакультура, өсімдіктер мен жануарлардың су және жердегі экожүйелерінің биологиялық әртүрлілігі туралы білімдерін қолдану.
- Жануарлар мен аралардың денсаулығын сақтау үшін инфекциялық емес, жұқпалы және паразиттік ауруларды емдеу және алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын жасау.
- Жануарлар мен аралардың бағалы тұқымдарын шығару және өсіру мақсатында аспаптық ұрықтандырудың өнімділігін анықтау, жануарлар мен аралардың сыртқы деректерін өлшеу, шаруашылық-пайдалы қасиеттерін анықтау.
- Ғылыми саланың ерекшеліктерін ескере отырып, үш тілде ғылыми және академиялық жанрдағы әртүрлі мәтіндерді құру үшін құрылымдық түрде өз идеяларын ұсыну, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып әртүрлі көздерден ақпаратты синтездеу.
- Омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың, құстардың, жәндіктердің белгілі бір топтарына тән морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, тұлыптар жасау үшін оларды ұйымдастырудың жоғарылау дәрежесін қадағалап, зерттелетін материалды талдау.
- Орман шаруашылығын орман ресурстарын үздіксіз, сарқылмайтын, ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін қолданыстағы орман заңнамасының ережелері мен талаптары негізінде, орман ресурстарын есепке алу және бағалау әдістерін қолдана отырып, табиғи ресурстарды қорғауды, өсімін молайтуды, ұтымды пайдалануды және сақтауды ескере отырып, ерекше қорғалатын және қорғалатын аумақтарда, орман өрттерінің алдын алудың, анықтаудың және сөндірудің заманауи әдістерін қолдана отырып, өсімдік ауруларымен және олардың қоздырғыштарымен күресу әдістері ұйымдастыру.
- Арнайы математикалық әдістерді пайдалана отырып, биологиялық объектілердің сандық және сапалық белгілерінің зерттеу жұмысын, кейіннен өнімді сертификаттаумен стандарттарды сақтай отырып, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдерді өндіру үшін далалық және зертханалық биологиялық зерттеулерді орындау нәтижесінде алынған ақпаратты статистикалық өңдеуді ұйымдастыру.
- Ағаш тектес өсімдіктердің ботаника, таксономиялық, биологиялық және экологиялық қасиеттерін білу негізінде жылыжай жағдайында жасыл өсімдіктерді өсіру және бағалы тұқымқуалаушылық және егістік қасиеттері бар орман өсімдіктерінің тұқымдарын өндіру технологиясын жасау.
- Көгалдандыру, сәндік өсімдік шаруашылығы және гүл өсіру, ландшафттық сәулет принциптеріне және табиғи материалдардан жасалған композициялар көмегімен әр түрлі интерьерлердің фитодизайнға негізделген қалалар мен қала сыртындағы демалыс аймағын жобалау.
- Биотехния және аң шаруашылығы жұмыстарды ұйымдастыра отырып, аң аулау мерзімдері мен тәсілдерін сақтай отырып, жабайы жануарлар мен құстардың іздерін анықтау арқылы аңшылық ресурстарды алу, есебін және бағалауын жүргізу.
Лауазымдарының тізімі: Ғылыми қызметкер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторы, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, техник-аңшы, аңшы, аңшы-биолог, қорықшы, кәсіпшілік аңшы, зоотехник, ара өсіруші, Марал өсіруші, ауыл шаруашылығы бөлімшесінің басшысы, ауыл шаруашылығы саласындағы маман, орман пайдалану жөніндегі инженер, орманшы, орманшы