Өндірістік оқыту шебері – бұл техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру мекемесінде жұмыс істейтін педагог қызметкер. Оқушыларды қандай да бір салада немесе кәсіпте практикада қолданылатын дағдыларға оқытумен айналысады.
- Кәсіптік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізу.
- Студенттерді кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізуге қатысу.
- Практикалық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру.
- Практиканы өткізу туралы кәсіпорындармен шарттар жасасуға қатысады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
- Студенттерді білікті жұмыстарды орындауға және емтихан тапсыруға дайындау.
- Пәндік (циклдік) комиссиялардың, конференциялардың, семинарлардың жұмысына қатысу.
- Студенттердің жалпы білім беру, кәсіби, мәдени дамуына ықпал ету, оларды техникалық шығармашылыққа тарту.