Осы білім беру бағдарламасының түлектеріне «Медициналық лаборант» біліктілігі тағайындалып, олар келесідей мүмкіншілік алады:
- зертханалық клиникалық биохимиялық, микробиологиялық, гистологиялық, иммунологиялық, биологиялық материалдарды зерттеу, сапаны бақылауға қатысу;
- қоршаған ортаны және өндіріс ортасын зертханалық бақылауды, тағам қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
- зертханалық, функционалдық, аспаптық зерттеу әдістеріне дайындық мәселелері бойынша науқастарға кеңес беру;
- алынған ақпаратты талдау мен статистикалық өңдеу әдісін меңгеру;
- нормативтік құжаттарды қолдану, кәсіби қызметінде технологиялар өзгеруіне дайын болу;
- халықтың салауатты өмір салтын насихаттауды және гигиеналық білім беруді дамыту;
- төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету;
- медициналық статистикадағы орташа және салыстырмалык көлемді, кең және қарқынды көрсеткіштерін анықтау.