Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Біліктілік:

Код:

07140502
"Электрондық және цифрлық техникаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі механик"

Электрондық және цифрлық техникаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі механик - электрондық аппаратураның элементтерін, тораптары мен блоктарын, құрылғылар мен басқа да аспаптарды орнату орнын анықтау, күрделілік дәрежесі әртүрлі схемаларды дайындау, тестілік тексеруді, профилактикалық тексеруді жүзеге асыру, электрондық аппаратураның тораптары мен блоктарын реттеу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды орындайтын маман.

 

Қазіргі заманда техникалық білімсіз қиынырақ. Алайда күрделі сызбалар мен схемалардан қорқудың қажеті жоқ. Бүгінде сызба тақтасының орнын бағдарламалық жасақтамалар, электрондық процессорлар мен схемалар түріндегі электрондық көмекшілер басады.

 

Электрондық және цифрлық техникаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі механиктің міндетіне күрделілігі әртүрлі электрондық аппаратураны жөндеу және құрастыру, аппаратураны тораптар мен бөлшектерге бөлшектеу, жөнделіп жатқан электрондық жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау, жөнделіп жатқан электрондық аппаратураны бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен параметрлерін тексеру және сипаттамаларын алу, схемаларды дәнекерлеу, элементтердің жұмыс режимдерін өлшеу жатады. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін студенттің физика, информатика саласында білімі болуы тиіс.

Бұл мамандықтың артықшылығы - табыстың жоғары деңгейінде, қосымша табыс табу мүмкіндіктерінің көптігінде, сұраныста болуында, шығармашылық және кәсіби тұрғыда дамудың көптеген жолдарында.

Бұл мамандықтың кемшілігі - кәсіптік аурулардың пайда болуы мүмкіндігінде. Әсіресе көру және тірек-қимыл жүйесі нашарлайды. Бұл мамандық еңбек нарығында сұранысқа ие, өйткені ақпараттық технологиялар біздің өміріміздің барлық салаларына мықтап енген, өмірімізді электронды құрылғыларсыз елестету мүмкін емес.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз