Бұл білім беру бағдарламасының мақсаты - жұмыс берушілер талап ететін қабілеттерді дамытуға көмектесетін нақты кәсіпкерлік білімі мен гуманитарлық білімі бар жоғары білім беру, соның қатарында: сыни тұрғыдан ойлау, шешім қабылдау, қарым-қатынас қабілеті, шығармашылық қабілеті, топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Кәсіби қызметтің функциялары: өндіріс пен басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлау; басқарудың мақсаттары мен міндеттерін, олардың тиімділігін анықтау; өндірістің құрылымын және басқару құрылымын қалыптастыру, өндірістің аппаратын оңтайландыру; инженерлік және өндіріс технологиясын жетілдіру; қызметкерлерді ынталандыру, олардың жұмысын белсендіру; басқару қызметінің барлық аспектілерін үйлестіру және бақылау; материалдық және материалдық емес өндіріс саласына инновацияларды енгізу.
Оқыту нәтижелері: Менеджмент бакалаврлары менеджмент жүйесінің орта буын менеджерлері ретінде білікті жұмыс үшін барлық қажетті білім мен тәжірибелік дағдыларға ие болады және кейіннен басшылық лауазымдарды атқара алады.