Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Туристік дестинациялар менеджменті"

Аталған білім беру бағдарламасы үшін, ғылым негіздерін, заманауи инновациялық технологияларды меңгерген және өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейде туризм және қонақжайлылық индустриясын жетілдіруге бағытталған кәсіби қызметте құзыреттілік пен дағдыға ие жоғары білікті мамандарды дайындайды.

«Туристік дестинациялар менеджменті» білім беру бағдарламысында келесідей негізгі пәндер оқытылады: Туристік дестинациялардың тұрақты дамуын басқару, Ішкі туризмді ұйымдастыру, Туристік дестинациялар маркетингі, Туристік өнімдерді жобалау және жылжыту, Туризмдегі стратегиялық менеджмент, Туризмдегі бренд-менеджменті, Туризмді мемлекеттік реттеу, Туризмдегі HR.

Іс-тәжірибе: Халықаралық туризм және меймандостық университеті БҰҰ Халықаралық туризм ұйымына мүше болғандықтан білім алушылар қазақстандық және халықаралық 5 жұлдызды қонақ үй желілері мен туристік ұйымдарда, туристік агенттіктер мен туризм басқармаларында, жергілікті және мемлекеттік туризмді барсқару органдарында іс-тәжірибеден өтеді.

Білім беру бағдарламысын аяқтаған білімгер келесідей қызмет атқара алады: Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы  туристік қызметті басқару, туристік дестинацияларды жылжыту менеджері, туризм саласындағы кәсіпкер, туристік бизнесті жоспарлау және басқару саласында кеңес беру, туризм және қонақжайлық көрмелері мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру, Event-шаралар ұйымдастыру, қонақ үйлерде (мейрамханаларда) әкімші, турагент, туроператор, туризм және қонақжайлылық индустриясының мемлекеттік мекемелерінде, қоғамдық ұйымдарында және жеке консалтингтік компанияларында маман.

Бұл мамандықты бітірген студент қызметтерін туризм және қонақжайлылық индустриясының әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда атқара алады: Туризм және қонақжайлылық индустриясының әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар: мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, жеке компаниялар; республикалық, халықаралық туроператорлық және турагенттік компаниялар; орналастыру және тамақтану саласының кәсіпорындары; мәдени-демалыс қызметінің объектілері; санаторлық-курорттық және сауықтыру мекемелері; республикалық және халықаралық көрме орталықтары; орта кәсіптік оқу орталықтары; балалар-жасөспірімдер және жастардың белсенді туризмінің орталықтары.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз