Экскурсиялық қызметтерді және жеке турларды ұйымдастыру саласында бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау, тұтынушының сұранысына бейімделген қызметтерді әзірлеуге қабілетті, сондай-ақ туристік өнімдерді, экскурсиялық қызметтерді және жеке турларды ұйымдастыруда және жылжытуда практикалық дағдыларға ие болады.
«Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру» білім беру бағдарламысында келесідей негізгі пәндер оқытылады: Туристік-экскурсиялық жобалау, Экскурсия теориясы, Экскурсиялық қызметке кіріспе, Онлайн брондау жүйесінде жеке турларды қалыптастыру технологиясы, Экскурсоводтық шеберлік, Жеке және топтық турларды ұйымдастыру технологиясы, Жеке турларға туристік-экскурсиялық қызмет көрсету, Саяхат ұйымдастыру және туристерді қабылдау технологиясы, Туризм және қонақжайлылық индустриясын құқықтық реттеу, Туризмдегі және экскурсиялық қызметтегі HR, Этно- және эко- турлардың технологиясы мен ұйымдастырылуы.
Іс-тәжірибе: Халықаралық туризм және меймандостық университеті БҰҰ Халықаралық туризм ұйымына мүше болғандықтан білім алушылар қазақстандық және халықаралық жетекші қонақ үй желілері мен туристік ұйымдарда, туристік агенттіктер мен туризм басқармаларында іс-тәжірибеден өтеді.
Білім беру бағдарламысын аяқтаған білімгер келесідей қызмет атқара алады: Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы кәсіпкерлік қызмет, жеке турларға туристік-экскурсиялық қызмет, шет тілдерін білетін гид-экскурсовод, туризмнің белсенді түрлері бойынша туризм нұсқаушысының қызметі, элиталық турларды, автокараванинг, турагенттік және туроператорлық қызметті ұйымдастыру. Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру менеджері мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жеке және консалтингтік компанияларда, туризм және қонақжайлылық индустриясымен байланысты маркетингтік қызметтерде маман болып жұмыс істей алады.
Бұл мамандықты бітірген студент қызметтерін туризм және қонақжайлылық индустриясының әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда атқара алады: Туризм және қонақжайлылық индустриясының әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар: мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, жеке компаниялар; республикалық, халықаралық туроператорлық және турагенттік компаниялар; мәдени-демалыс қызметінің объектілері; санаторлық-курорттық және сауықтыру мекемелері; республикалық және халықаралық көрме орталықтары; орта кәсіптік оқу мекемелер мен орталықтары; балалар- жасөспірімдер және жастардың белсенді туризмінің орталықтары.