Білім беру бағдарламасының мақсаты: Құқық саласында білімді, қазіргі еңбек нарығының талаптарына толықтай жауап беретін, лидерлік қасиетке ие, бәсекеге қабілетті, мемлекеттік басқару және құқықтану саласында цифрлық технологияларды игерген жоғары деңгейде кәсіби білікті заңгер-менеджерлерді даярлау.
Бейіндік пәндер: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы; Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы; ҚР Әкімшілік іс жүргізу құқығы; Азаматтық іс жүргізу бойынша практикум; Қылмыстық іс жүргізу бойынша практикум; Криминалистика; Криминология; Адвокатура және заң кеңесі; Қазақстан Республикасындағы медиацияның құқықтық негіздері; Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздері; Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша халықаралық -құқықтық тәжірибе; Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы; ҚР құқық қорғау органдары; ҚР транспорттық құқығы; ҚР кеден құқығы; Құжаттарды даярлаудың заңи техникасы; Сот риторикасы.
- жеке оқыту траекториясын қалыптастыру және студентке жеке кеңес берудің икемді әдістемесін пайдалану арқылы білім алушыларға бағытталған оқыту;
- пәнаралық білім беру; қос дипломдық (бірлескен) білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;
- білім беру бағдарламаларының қоғам сұранысына сәйкестігі;
- оқыту мен зерттеудің интеграциясы; - қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу процесіне енгізу; - білім берудің әрбір деңгейі үшін халықаралық және ұлттық біліктілік шеңберлеріне сәйкес ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында бітірушілерге сұранысқа ықпал ететін кәсіби дағдыларды қалыптастыру. Студенттер, оқытушылар, зерттеушілер және бизнес-ортаның өкілдері және корпоративтік серіктестер білім берудің барлық деңгейлерінде білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, жаңартуға және басқаруға қатысуы;
- шетелдік ғылыми-білім беру орталықтарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын құру;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар мен курстардың санын арттыру; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және онлайн курстарды енгізу;
- ең дарынды оқушыларды тарту және ынталандыру;
- білім беру қызметінің жоғары сапасына тұтынушылардың қанағаттануы;
- профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің құзыреттілігі, педагогикалық және көмекші персоналдың жоғары сапасы;
- студенттер мен қызметкерлерді университеттің корпоративтік мәдениетіне тарту;
- заманауи білім беру технологиялары және ғылыми зерттеу мәдениетінің жоғары деңгейі;
- мамандарды даярлауға және ғылыми зерттеулер жүргізуге кететін шығындарды оңтайландыру;
- студенттер мен университет қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі, олардың өзін-өзі дамытуға және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасау.