Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Кәсіпкерлік"

Бұл бағдарламаның мақсаты – заманауи бизнес-технологияларға маманданған және бизнес пен менеджментте, заманауи цифрлық технологияларда, тиімді келіссөздер жүргізуде, ынтымақтастықта, идеяларды генерациялап ұсынуда білімі мен дағдылары бар жоғары білікті кәсіпкерлер мен бизнес мамандарын дайындау. 

 

Оқу нәтижелері мен кілттік құзыреттер:

  1. Бизнес Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де кездесетін құқықтық ортаны, этикалық мәселелерді айқындау. Дәстүрлі бизнестің цифрлық трансформациясын және әртүрлі кезеңдерде, соның ішінде сауда, логистика, қаржы және смарт өндірісті қоса алғанда, заманауи цифрлық бизнес тәжірибелері мен платформаларын қолдануды бағалау. 
  2. Жобаның экономикалық орындылығын бағалау процестерін үйрену арқылы бизнес-жоспарды әзірлеу және пішімдеу дағдыларын көрсету. Кәсіпорынның қызмет саласына сәйкес стратегияларды таңдау арқылы кәсіпкерлерге қолжетімді қаржыландыру көздерін, соның ішінде венчурлық қаржыландыру көздерін іздеп табу. 
  3. Маркетингтік зерттеулер жүргізу, нарықты сегменттеу, мақсатты анықтау және позициялау, ұжымда тиімді маркетингтік стратегияны құру дағдыларын көрсету. Бизнес ұйымында тиімді сату стратегиясын қалыптастыру дағдыларын пайдалана отырып, өнімді жылжытуда заманауи маркетингтік коммуникация құралдарын қолдану. 
  4. Қазіргі заманғы экономикалық проблемаларды және оларға мемлекеттік экономикалық саясаттың әсерін, үй шаруашылықтары мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін, тұтынушылық сұраныс пен ұсыныстың мінез-құлқын экономикалық модельдерді пайдалана отырып талдау. Экономикалық факторлар мен халықаралық нарықтардағы даму стратегияларын ескере отырып, халықаралық деңгейде бизнесті ұйымдастыруға баға беру. 
  5. Мақсаттарды, қажетті ресурстарды, жоспарлауды, жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерді, шектеулерді, өнімділік критерийлерін, рөлдерді, процедуралар мен ережелерді құжаттау арқылы жобаның ауқымын анықтау және басқару. 

 

Түлектің кәсіби сипаттамасы: 

  1. Кәсіпкер 
  2. Жоба менеджері 
  3. Бизнес-кеңесші 
  4. Жеке стартаптың/жобаның негізін қалаушы 
  5. Шағын бизнес/франчайзинг негізін қалаушы 
  6. Сатылым бойынша менеджер 
  7. Маркетолог 
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз