“Аймақтану” білім беру бағдарламасының мақсаты өңірлік саясатты талдай алатын, алған білімдерін кәсіби қызметте пайдалана алатын өңірлік процестерді талдаудың негізгі заманауи ғылыми тәсілдері мен әдістерін қолдана алатын өңіртанушы мамандарды даярлау болып табылады.
“Аймақтану” білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
- Екі шет тілін үйрену (Ағылшын-негізгі, қытай/түрік/неміс/француз-таңдау бойынша);
- Әлемдік экономика мен Халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы жаңа трендтерді зерделеу; Кеңістіктік жүйелер мен өңірлерді басқарудың заманауи технологияларын білу
- Табысты кәсіби қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал ететін қақтығыстарды басқару және оларды шешу дағдыларын меңгеру
- Экономиканы басқарудың орталық және жергілікті органдарының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру, жүзеге асыру және тиімділігін арттыру негіздерін білу.