Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2025 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Роботтық және интеллектуалды жүйелер"
Білім беру бағдарламасының мақсаты - робототехника, мехатроника және интеллектуалды жүйелер саласында еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие, кәсіби қызмет барысында есептеу және жобалау, өндірістік, техникалық, ұйымдастырушылық және басқа да жұмыс түрлерін орындауға қабілетті мамандарды даярлау.
 
Профессии:
- IoT жүйелерді әзірлеу
- Радио-техникалық, электрондық бұйымдарды жасау
- Робот техникасы (роботтар мен олардың құрамдастарының өндірісі)
 
Білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі:
- Қызмет барысында салауатты өмір салтына бағдарлана отырып, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық актілерді қолданады, төтенше жағдайларда табиғатты ұтымды пайдалану және қорғау білімдері мен дағдыларын пайдаланады.
- Математика және жаратылыстану, электротехника, электр инженериясы мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері саласындағы білімдерін, іскерліктерін, құзыреттерін көрсетеді.
- Робототехника саласында жаңа перспективалық бағыттарды құру мақсатында теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолданады.
- Роботтық жүйелер мен жасанды интеллект жүйелерін жобалауды есептеу, модельдеу және автоматтандыру үшін қолданбалы бағдарламалық пакеттерді пайдаланады.
- Жобаланған жүйелердің режимдері мен жұмыс жағдайларын есептейді, жабдықтың құрамын және оның параметрлерін, электрондық схемаларды анықтайды және құрамдас түйіндерді, сондай-ақ роботты және интеллектуалды жүйелердің жұмысына оқыту үлгілерін таңдайды.
- Принципті электр тізбектерін талдайды, есептейді және жобалайды, функционалдық талдауды жүргізеді және нейрондық желілерді үйретеді.
- Мехатроникалық тораптар мен жүйелерді әзірлеу және пайдалану кезінде стандарттау, метрологиялық қамтамасыз ету және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы білімді қолданады.
- Жобаланған құрылғылар мен жүйелерге техникалық-экономикалық талаптарды тұжырымдайды, эксперименталды зерттеулер жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіреді.
- Роботтандырылған және автономды жүйелерді жобалау, орнату, пайдалану және жаңарту дағдыларын қолданады.
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз