Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Біліктілік:

Код:

07230101
"Тігінші"

Тігінші – бұл арнайы орта білімді адам. Мұндай мамандықты біздің колледжден алуға болады. Бұл кәсіпті оқудағы ең бастысы – оқу үдерісінің маңызды бөлімін құрайтын практика болып табылады.

 

Тігінші білу тиіс:

- тігін бұйымдарын орындау технологиясы мен оның ассортиментін, әйелдер мен ерлердің сырт киімдерін және әйелдер мен балалардың жеңіл киімдерін еңбекті ұйымдастырудың прогрестік нысандарын есепке алып осы замандық тәсілдермен орындау; машина, қол және үтік жұмыстарын орындаудың әдістері мен тәсілдерін, нормативтік – техникалық құжаттарды тігін материалдары мен олардың қасиетін дайын киім бұйымдары бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметін, өлшем алу тәсілдерін, ұлттық киімдер тарихы мен олардың осы замандық ұлттық киімдер дайындаудағы рөлін;

- тігін бұйымдарының өңдеу технологиясын; мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; өнім нормасын, еңбек ақы жүйесі мен құнын; композициялық заңдылықтарды, дене мүсіні мен ансамблдің тұтастық шешімдерін; еңбекті ұйымдастырудың осы замандық тәсілдерін, экономика, еңбек және өндіріс негіздерінің, еңбек қорғаудың нормалары мен ережелерін; кәсіптік этика ережелерін, әртүрлі жабдықтар мен құрал- саймандарды.

- Нарықтық экономика туралы, оның дамуына мемлекеттің әсерін, кәсіптік әрекеттің түрін; өндірісті, олардың энергетикалық ресурстарын қолдануды және бөлуді, еңбек қаіпсіздігінің ережесін, менеджемент және маркетинг функцияларының негізін, сызудың тезникасын, қоршаған ортаның ережесін және экономикалық талаптарын, арнаулы жұмыс түрлерін орындаудағы қорғаныс түрлерін және технологиялық операцияларды.

 

Тігінші пайдалана білуі керек:

- Жеке тапсырысқа сай тігін бұйымдарын дайындаудағы барлық жұмыстар түрін орындай білуді: ұлттық киімдерді тігін көркемдеуді; киімді жаңғырту немесе қалпына келтіру жұмыстарын; киімдік маталардың қасиеті мен арналымына байланысты техникалық сауаттылық пен бұйым бөліктерін өңдеудің тәртібі мен тәсілдерін таңдауды.

- Тігін бұйымдарын дайындауда тігін жұмыстарының барлық түрлерін технологиялық талаптарға сай орындау; дайын тігін бұйымдардағы пішім сапасы, киімді жаңғырту мен қалпына келтіруді, жабдықтардың жағдайын тексеруді; жаңа озық үлгідегі осы замандық киімдердегі стильдік жан – жақтылығын ұғынуды.

- Эксперименттік және шығын есептерін шешуді; киімнің сәндік модельдерінің эскизін жасауды, компьютерлік кестені орындауды, өз кәсібіне сай жалпы кәсіптік циклден алған білімін іс жүзінде.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз