«Әлеуметтік саясат және кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасы әлеуметтік саланы ұйымдастыру және басқару, әлеуметтік психология саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Әлеуметтік жұмыс теориясы мен тәжірибесімен тығыз байланысы, әлеуметтік психологияға тікелей назар аударылып, бағдарлама аясында Қазақстан Республикасындағы және одан да тыс әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлар үшін бәсекеге қабілетті әлеуметтік мамандарды қалыптастырады.
Еңбек нарығындағы әлеуметтік қызмет мамандарына сұраныстың жоғарылығын және оның жоғары жұмыс күшінің ұтқырлығын ескере отырып, студенттер оқуды бітіргеннен кейін әртүрлі салаларда сұранысқа ие бола алады.
Оқыту тілі - қазақ, орыс, ағылшын.
Кәсіби мүмкіндіктер:
- Мемлекеттік әлеуметтік қорғау және басқару органдарында жұмыс істеу;
- ЮСАЙД, ЮНИСЕФ, БҰҰ филиалдарында;
- ҮЕҰ ұйымдарында;
- Әлеуметтік қызметтерді көрсететін жеке секторларда.