Осы білім беру бағдарламасының түлектері «Жалпы практика мейіргері» біліктілігіне ие, болашақ мамандарға келесідей мүмкіншіліктер бар:
- қойылған мақсаттарды есепке ала отырып, міндеттерді айқындау, мейіргерлік және дәрігерлік қызмет көрсету;
- пациентке күтім жасау кезінде мейірбикелік үдерістің негізгі кезеңдерін енгізу және құжаттау;
- пациенттерге бағдарланған мейірбикелік күтімді қамтамасыз етуде сенімді дәлелді мейірбикелік тәжірибені қолдану;
- денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде инфекциялық бақылау, науқастардың және медициналық қызметкерлердің жұқпалы қауіпсіздігінің талаптарын орындау;
- ауруханалық ұйымда дәрігер тағайындаған алдын алу, терапиялық, диагностикалық шараларды орындауға, құралдарды дайындауға және күрделі манипуляциялар жүргізу кезінде дәрігерге көмек көрсету;
- өз біліміне, кіші медициналық қызметкерлердің кәсіби даярлықтарына, біліктілігін арттыру және олардың кәсіби қызметінде жаңа білім мен технологияларды қолдануға жауапты болу;
- стационарлық бөлімше мен амбулаториялық- емханалық ұйымның құрылымдық бөлімшесін есепке алу және есеп беру құжаттамасын рәсімдеу;
- дәрігердің амбулаториялық қабылдауын ұйымдастыру (жұмыс орнын, құралдарды, құралдарды дайындау, жеке амбулаториялық карталарды дайындау, бланкілер,, рецептер, анамнез жинау, науқастарды алдын-ала қарау);
- науқасты зертханалық, функционалдық, аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау;
- мейірбикелік және медициналық-алдын алу қызмет саласындағы медбикелердің жұмысын, олардың іс-әрекетінің нәтижесі үшін жартылай жауапты болу арқылы басқару.