«Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім беру бағдарламасының түлегі таңдаған спорт түрінің жаттықтырушысы, фитнес жаттықтырушысы, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жеке компанияларда, мәдени-демалыс қызметі объектілерінде, санаториятар мен курорттық және сауықтыру мекемелерінде, орта кәсіптік оқу мекемелері мен орталықтарында, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде фитнес нұсқаушысы, методист қызметтерін атқара алады.
«Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім беру бағдарламасы бойынша өтілетін пәндер: Кәсіби этика және қызметтік этикет негіздері, Емдік дене шынықытру, Дене тәрбиесінің негіздері, Спорттық және қозғалмалы ойындар, Йога және тыныс алу жаттығулары, Балалар фитнесі, Фитнес негіздері, Фитнестегі инновациялық технологиялар, Бейімдік дене шынықтыру негіздері, Қозғалыс белсенділігінің биомеханикасы, Жас ерекшелік психологиясы, Спорттық медицина негіздері, Спорт индустриясындағы және белсенді демалыстағы қызмет көрсету технологиялары, Спорт, демалыс және туризм саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру, Қазіргі заманғы спорт ғимараттарындағы инновациялар.
Траектория 1 – Фитнес жаттықтырушысы:
Фитнес және Нутрицология, Фитнес бағдарламаларын тиімді құру негіздері, Фитнестің заманауи түрлері, Фитнестегі күшті жаттықтыру, Фитнестегі функционалдық жаттықтыру, Фитнес жаттығуларының технологиясы мен әдістері.
Траектория 2 – Спорттық іс-шараларды ұйымдастырушы:
Спорттық сауықтыру қызметі, Аквафитнес, Cпорттық бағдарлау, Сауықтыру жүзу, Спорттың менеджменті және маркетингі, Жағажай футболы.
Оқу және педагогикалық, өндірістік практикалар
«Спорттық-сауықтыру фитнесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жеке компанияларда, мәдениет және демалыс орындарында, санаториялар мен курорттық сауықтыру мекемелерінде, орта кәсіптік оқу орындары мен орталықтарында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-өндірістік практикадан өтеді.