Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Спорттық туризм"

«Спорттық туризм» Спорттық туризмдегі әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар: Қазақ туризм ұлттық компаниясы, мәдениет және туризм басқармасы, туризм басқармасы, спорттық туризм федерациясы, алпинизм федерациясы, мемлекеттік қорықтар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, халықаралық туроператорлық және турагенттік орталықтар, сауықтыру-демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру орталығы, балалар-жасөспірімдер және жастардың белсенді туризмінің орталықтарында қызмет атқара алады.

 

«Спорттық туризм» білім беру бағдарламасы бойынша өтілетін пәндер: Туризм негіздері, Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек, Спорттық бағдарлау, Спорттық туризмді материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Спорт туризмінің нормативтік-құқықтық негіздері, Туристік-спорттық дайындық, Туристік топтың психологиясы, Халықаралық туризм географиясы, Балалар мен жасөспірімдер туризмі, Спорт туризмінің теориясы мен әдістемесі, Спорттық туризм түрлері бойынша туристік саяхаттарды ұйымдастыру және өткізу, Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы, Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық-сауықтыру туризмі.

 

Траектория 1 – Тау туризмі нұсқаушысы: Tуристік көпсайы, Скалодром І, Туристің дене дайындығы, Скалодром ІІ, Спорттық туризмнің арнайы түрлері, Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары.

 

Траектория 2 – Экологиялық туризмді ұйымдастыру: Қазақстанның экологиялық туризмі, Экологиялық туризм негіздері, Экологиялық маршруттарды қалыптастыру және ұйымдастыру, Экотуризмдегі қауіпсіздік, Қоршаған табиғи ортаны қорғау, Қорықтар мен ұлттық саябақтардағы экологиялық туризм.

 

Оқу және педагогикалық, өндірістік практикалар

«Спорттық туризм», білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, жеке компанияларда, мәдениет және демалыс орындарында, санаториялар мен курорттық сауықтыру мекемелерінде, орта кәсіптік оқу орындары мен орталықтарында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-өндірістік практикадан өтеді.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз