Мамандар лауазымдарының тізбесі:
Стандарттау, сертификаттау, өнім сапасын бақылау, нормативтік және техникалық құжаттаманы әзірлеу және өзектендіру, нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау, сынақ зертханаларын аккредиттеу
Кәсіби қызмет объектісі:
Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері болып өнімдер (қызметтер), процестер (жұмыстар) және жүйелер; кәсіпорындар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) жабдықтары; өлшеу, сынау және бақылау әдістері мен құралдары; cтандарттау, сертификаттау, сапа менеджменті, метрология жүйелерінің нормативтік құжаттамасы; ғылыми, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз ету болып табылады
Кәсіби қызмет түрлері:
- ұйымдастыру-технологиялық;
- есептеу-жобалау;
- эксперименталды-зерттеу.
Кәсіби қызметінің функциялары:
- стандарттарды, нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу, қайта қарау және өзгерістер енгізу;
- сапа менеджменті жүйесін әзірлеу;
- одан әрі сертификаттау мақсатында өндіріс жағдайын талдау және өнім, қызмет және жүйе сапасының тұрақтылығын бағалау, түзету және алдын алу іс-шараларының орындалуын бағалау;
- стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін қадағалау және бақылау.