Білім беру бағдарламасының мақсаты - кәсіби өсуге және ұтқырлыққа қабілетті, стандарттау, сертификаттау және метрология саласында түйінді және кәсіптік құзыреттерге ие, сондай-ақ стандарттау, сертификаттау және метрологияның әртүрлі салаларында тиімді басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру..
Білім беру бағдарламасы бойынша түлек моделі:
- Стандарттау, сертификаттау, метрология және сапаны басқару, соның ішінде аталған салалардағы ең озық білім элементтері бойынша іргелі білімге ие
- Салааралық сындарлы өзара іс-қимылға, саланы дамыту жөніндегі өндірістік міндеттерді іске асыру үшін тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті
- Өлшеу технологияларын барынша тиімді пайдалану кезінде қолданбалы өлшеу есептерінің жүйелік шешімдері үшін цифрлық құзыреттілікті көрсетеді
- Стандарттарды, өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеуде, өнімдер мен процестердің сапасын бақылау және арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуде креативтілік танытады
- Төзімділік, тарихи және мәдени мұраны құрметтеу арқылы әртүрлі тілдік ортада байланысады
- Қызметтің жаңа перспективалық бағыттарында өзін-өзі жүзеге асыру үшін кәсіби және іскерлік дағдыларды пайдаланады
- Өндірістің нақты жағдайларына қатысты сапаны басқару жүйелерін құруға бағытталған.
Кәсіби қызмет объектілері:ъ
- өнім өндіру, қызмет көрсету, процестер (жұмыстар) және жүйелер;
- кәсіпорындар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) жабдықтары;
- өлшеу, сынау және бақылау әдістері мен құралдары;
- стандарттау, сертификаттау, сапа менеджменті, метрология жүйелерінің нормативтік құжаттамасы;
- өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз ету.