Кәсіби қызмет - ғимараттар мен құрылыстарды инженерлік іздестіру, жобалау, тұрғызу, пайдалану, бақылау, бағалау және реконструкциялау; құрылыс нысандары мен қалалық аумақтарды инженерлік қамтамасыз ету және жабдықтау; құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын салу және өндіру үшін машиналарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану.
Лауазымдар тізімі: учаске шебері, инженер-құрастырушы, сапа жөніндегі инженер, құрылысты қадағалау жөніндегі инженер, ҚТжЕҚ жөніндегі инженер, жөндеу бойынша инженер, инженер технолог.
Берілетін дәреже: техника және технология бакалавры.