«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» білім беру бағдарламасы еліміздің өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларына тез бейімделе алатын Қазақстан Республикасының автожол және көлік секторлары үшін жоғары білікті, құзырлы мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» білім беру бағдарламасы өз құрамына құралдар жинағын, кешенді тапсырмаларды шешуге арналған тәсілдер мен әдістемелерді, автомобиль жолдарының, аэродромдардың құрылысы мен пайыдаланымын және басқа да осы саладағы кешендерді қамтиды.