Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Жаңартылатын энергияның технологиялары"

Оқу бағдарламасының мақсаттары : Жаңартылатын энергия объектілері мен автономды электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау саласында тиісті дағдылары мен құзыреттері бар білікті мамандарды даярлау.

 

Білім беру бағдарламасы аясында оқыту траекториясы:

- Жаңартылатын энергия объектілерін жобалау және пайдалану;

- Автономды объектілер мен жүйелерді электрмен жабдықтау.

 

«Жаңартылатын энергияның технологиялары» білім беру бағдарламасының кәсіптік қызмет саласы жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) жобалауға, орнатуға, іске қосуға және пайдалануға бағытталған технологиялардың, құралдардың, әдістердің кешенін қамтитын ғылым мен техника болып табылады.

 

«Жаңартылатын энергияның технологиялары» білім беру бағдарламасының түлектерінің кәсіби қызмет көрсету нысандары келесілер болып табылады: жаңартылатын және балама көздерге негізделген энергетикалық кәсіпорындар; жаңартылатын энергия өндірісінің нысандары және оларды релелік қорғауы және автоматикасы; өнеркәсіптік кәсіпорындар мен елді мекендерді жаңартылатын энергия көздері арқылы электрмен және жылумен қамтамасыз ету; алыс жерде орналасқан тұтынушыларды жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету.

 

Кәсіби қызмет пәндері

- Шағын гидроэнергетика және су ресурстары;

 
 

- Күн энергиясының түрлендіргіштері;

- Жел энергетикасы және жел электр қондырғылары;

- Күн және жел электр станцияларын жобалау;

- Жаңартылатын энергия көздерінің автономды жүйелері және таратылған генерация;

- Күн және жел электр станцияларының негізгі энергетикалық жабдықтары;

- Ауа-райы деректерін пайдаланып ЖЭК потенциалын талдау және болжаужәне т.б.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз