Бұл мамандық кез – келген кәсіпорында, әсіресе энергияны көп қажет ететін кәсіпорындарда ең көп сұранысқа ие.
Кәсіби қызмет объектілері:
- электр станцияларының, энергетикалық жүйелер қосалқы станцияларының электр және электромеханикалық жабдығы;
- энергетикалық жүйелердің электр беру желілері;
- релелік қорғаныс, автоматтандырылған басқару жүйелері;
- бақылау-өлшеу аспаптары, диспетчерлік байланыс және телемеханика;
- энергия кәсіпорындарының әзірлеу сатысындағы жобалау-сметалық құжаттамасы.
Кәсіби қызмет түрлері:
- электр энергиясын өндіру және тасымалдау процесіне басшылық жасау, ұйымдастыру, технологиялық басқару және техникалық қызмет көрсету;
- электр станцияларының, қосалқы станциялардың және энергетикалық жүйелердің электр жабдықтарын техникалық пайдалану және жөндеу.