Ақпараттық қауіпсіздік технигі - бұл кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздігін және оның ақпараттық инфрақұрылымын қамтамасыз етумен, ақпаратты қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсетумен айналысатын маман.
Бұл мамандық ақпараттық жүйелерді рұқсатсыз кіруден, кибершабуылдардан, вирустардан, сондай-ақ ақпараттық қауіптің басқа түрлерінен қорғауға қатысты көптеген міндеттерді қамтиды. Ақпараттық қауіпсіздік технигі IT-ортаның қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу үшін құралдарға ие, белгілі және жаңадан туындайтын қауіптерге қарсы қорғауды ұйымдастырады, кез-келген шабуылдарды жедел анықтайды және тежейді, қалпына келтіру іс-шараларын жүргізеді, корпоративтік ақпарат пен ресурстарға еркін және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қазіргі Python, Java, C++ бағдарламалау тілдерінің кешені және Oracle, MS SQL Server, MySQL мәліметтер базасын басқару жүйелерін оқиды.