Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Біліктілік:

Код:

07320106
"Техник-құрылысшы"

Техник-құрылысшы автомобиль жолдары мен аэродромдарды жобалау, конструкциялау және құрылысын бақылауды жүзеге асыратын білікті маман. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің физика және сызу саласында білімі болуы тиіс.

 

Техник-құрылысшы мынадай жұмыс түрлерін орындай алады:

  • Құрылыс кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Құрылыс жұмыстарына арналған жабдық жүйелері мен механизмдерінің техникалық күйін анықтау;
  • Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу жөніндегі персоналдың жұмысын ұйымдастыру.

 

Бұл мамандықтың артықшылығы еңбекақының жоғарылығында және сұранысқа ие болуында. Ал қалғаны тек сіздерге, яғни осы мамандықтың барлық ерекшеліктерін түсіну және прогреспен қатар жүру қабілетін игеруге байланысты болады. Себебі әлемдік машина жасау бүгінгі таңда қарқынды дамуда.

Бұл мамандықтың кемшілігі денсаулыққа ықтимал қауіптердің: химиялық және физикалық факторлардың әсерінен туындайтын аурулардың пайда болуында.

 

Осы саланың жас маманы осы мамандықты таңдай отырып, күрделі жұмысқа, білім мен қауіпсіздік техникасының жоғары талаптарына дайын болу керек екенін білуі керек және жұмыстың өте жауапты және үздіксіз іссапарлардың болатындығын ескергені жөн.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз