Егер сіз бәсекеге қабілетті және қаржылық тұрақты болғыңыз келсе, аналитикалық және ғылыми зерттеулермен шұғылданғыңыз келсе, өз біліктілігіңізді арттырғыңыз келсе, онда біз сізге магистратураның ең сұранысқа ие білім беру бағдарламаларының бірі – «Есеп және аудит» ұсынамыз.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі
- Бухгалтерлік есеп және аудит саласында құзыреттілік тәсілге және бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды даярлауға негізделген БББ іске асыруда
- Оқытудың мақсаты ақпаратты жинау, өңдеу және ұсынудың заманауи әдістемесін меңгергу, қаржылық есептілікті жасау мен талдау және халықаралық стандарттарды пайдалана отырып аудит жүргізу дағдылары бар Есеп және аудит мамандарын даярлау болып табылады
- Білім алушыларға инновациялық жобаларға қатысуға, шетелдік компаниялардағы озық шетелдік тәжірибе мен кәсіби қызметті зерделеуге мүмкіндік беру