Білім беру бағдарламасының мақсаты - азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі бар, жеке тұлғаға бағытталған және іс-әрекетке негізделген кәсіби қызметте Құзыретті Көркем еңбек және бейнелеу өнері мұғалімдерін даярлау.
Түлек кәсіби қызметті келесі бағыттарда жүзеге асыра алады:
- көркем еңбек және бейнелеу өнері мұғалімі;
- меңгерушісі;
- білім департаментінде және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында әдіскер;
- білім беру орталығының жетекшісі және оқытушысы.