Мамандар лауазымдарының тізбесі:
- әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың ұйымдарының қаржылық, жоспарлау және шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- ғылымды қажетсінетін кәсіпорындардың қаржыларын, олардың ақша ағындарын, инвестициялық қызметті ұйымдастыру және басқару;
- қаржылық операцияларды жүзеге асыру, ұйымдарда жоспарлау, есепке алу және есеп беру, қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалану іс-шараларын әзірлеу, қаржылық менеджменттің тиімділігіне талдау жүргізу
Кәсіби қызмет объектісі:
Түрлі қаржы институттары, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, қызмет салаларының, ұйымдық-құқықтық нысандағы қаржы қызметтері
Кәсіби қызмет түрлері:
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет,
- жоспарлы-қаржылық,
- ақпараттық-аналитикалық,
- инновациялық,
- жобалау-зерттеу
Кәсіби қызметінің функциялары:
- есептік және статистикалық ақпаратты жинау, деректерді өңдеу және оны басшылармен, инвесторлармен, кредиторлармен, сыртқы және ішкі пайдаланушылармен пайдалануға дайындау;
- қаржыландыру, кредит беру, қарыз алу, баға белгілеу, инвестициялау, өндіріс әдістері бойынша баламалы шешімдерді талдау және бағалау;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін басқару және бақылау;
- құрылымдық бөлімшелерде қаржыны тиімді ұйымдастыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде қаржылық менеджментті қолдану;
- қаржылық тәуекелдерді басқару және мониторинг;
- кәсіпорынның бағалы қағаздар портфелін басқару және оның құрылымын оңтайландыру