Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2025 ж.

Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжі - спорттың 9 олимпиадалық түрі: еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, бокс, футбол, тхэквондо, ауыр атлетика, үстел теннисі, шаңғы спорты бойынша еліміздің құрама командалары үшін спорт резервін дайындайтын жалпы білім беретін мамандандырылған мекеме.


Мықты материалдық-техникалық база: 3 қабатты оқу корпусы, 300 орындық 5 қабатты жатақхана, 700 орындық спорт кешені, стандартқа сәйкес 300 орындық ашық стадион.


Оқыту тегін. Стипендия төленеді.

Жатақхана бар
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
--

Оқу бөліміне қажетті құжаттар тізбесі:

  • ата-анасының біреуінің (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;
  • оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлік (сәйкестендіру үшін);
  • оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • 3х4 фотосуреттер; - 6 дана.

 

Спорт бөліміне қажетті құжаттар тізбесі:

  • спортшының жеке карточкасы;
  • спорттық разрядқа куәлік;
  • спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктен немесе бұйрықтан үзінді көшірме.


Мектеп-интернат-колледжге оқуға құжаттарды кәмелетке толған адамның өзі, кәмелетке толмаған адамнан - баланың заңды өкілі береді.

 

Туындаған сұрақтар бойынша колледждің қабылдау комиссиясына телефон арқылы немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарласыңыз.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз