vipusknik.kz
Теміртау көпсалалы “Мирас” колледжі

Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі ЖММ 2009 ж құрылған. Колледже оқытушылардың 59% магистрлер, жоғары және бірінші санатты құрайтын тұрақты оқытушылар ұжымы жұмыс істейді.

 

Қазіргі заманға сай ақпаратты – коммуникативті технологияларды белсенді қолдану үшін Wi-Fi Интернет желісіне қосылған 40 компьютерлер, әр түрлі арнайы техникалар, сонымен қатар студенттердің сапалы білім алуларына арналған лицензиялық электронды оқулықтар мен олардың көшірмесі кітапхана қорына жиналған.

 

Колледж студенттері облыстық және қалалық спорттық жарыстарының жеңімпаздары. Колледж түлектері мен студенттерінің арасында бокс, күрес, регби, академиялық ескек, таэквондо, пауэрлифтинг, юниорлар бойынша және т.б. спорт түрлерінен республикалық, облыстық жарыстарының жеңімпаздары мен Азия және әлем чемпиондары, сондай-ақ, облыстық пәндік (математика, география, қазақ (орыс) әдебиеті, информатика және бағдарламалау) олимпиада жеңімпаздары.

мамандықтар
контактілер
қабылдау комиссиясы