Аударма ісі бойынша бакалавриат бағдарламасы әртүрлі аудиторияларға идеялар мен хабарламаларды тиімді жеткізетін біртума немесе аударылған контентті жасауды үйренуге ұмтылатын студенттерге арналған. Бағдарлама студенттердің лексикалық репертуарын дамыту және жазу стилін жетілдіру арқылы ағылшын және екінші шет тілдерін меңгеруін жақсартуға бағытталған. Ол сондай-ақ PR, мемлекеттік басқару, құқықтану, маркетинг, халықаралық қатынастар және т. б. салаларды үйрену арқылы белгілі бір дағдылар жиынтығын игеруді тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл студенттерді академиялық, корпоративтік, әкімшілік және үкіметтік емес секторлардағы мамандықтардың кең ауқымына дайындайды.
Бағдарлама студенттері келесідей дағдыларды қалыптастырады:
- Тілді жақсы білетіндігін көрсету (CEFR B2-C1 деңгейі) және екінші шет тілін еркін қолдану (CEFR B1 деңгейі).
- Әр түрлі әлеуметтік және академиялық контексте ауызша және жазбаша, сөйлей алу мен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын көрсете алу.
- Ағылшын тілінде және екінші шет тілінде/кәсіби тілде негізгі әдеби шығармалар бойынша терең білімін көрсете алу.
- Тілдің ерекшеліктері мен талдауы, сонымен қатар тілді қолдану теориясы мен практикасы жайлы жан-жақты түсінігі болу.
- Аударманың қазіргі тенденциялары мен лингвистикалық теориялары және олардың аударма практикасымен байланысы туралы кәсіби білімін көрсете алу.
- Аударма барысында салиқалы шешімдерді қабылдауға керекті лингвистикалық емес білімді пайдалану дағдысын көрсете білу.
- Дереккөз мәтінінің ең дұрыс және дәл аудармасын/ интерпретациясын көрсету.
- Жазбаша және ауызша аударманың барлық тілдік деңгей түрлері бойынша (фонемалық, морфологиялық, синтаксистік, семанткиалық, прагматикалық) аударма дәлдігін көрсету.
- Аударма барысында әртүрлі мәдениет, діни-сенім, саяси ұстаным түрлеріне толеранттылық пен құрмет көрсету.
- Жұмыс барысында немесе ары қарайғы магистратурада білім алуға қажетті жалпы және пәндік дағдыларды, оның ішінде ұғымдық, зерттеушілік, сыни ойлау, өмір бойы өзін-өзі дамыту дағдыларын қолдану және жалғастыру.