Білім беру бағдарламаларының мақсаттары - iскерлік, экономикалық журналистика және әлеуметтік медиамаркетинг саласында маманданған медианарық саласының сұранысқа ие қызметкерлерін сапалы дайындау. Дағдылар мен құзыреттер мамандандырылған ақпаратпен жұмыс істеу кезінде, медиапкәсіпорынды басқару, заманауи маркетинг, медиабизнес және қоғаммен байланыс аясында басқару саласында білімді іске асыруға бағытталған.
Жетекші позициялар:
- БАҚ бас редакторы;
- Коммерциялық және мемлекеттік құрылымдардағы қоғаммен PR-байланыс жөніндегі маман;
- SMM маманы;
- Жарнама агенттігінің директоры;
- Журналист-талдаушы;
- Редактор, бизнес-жаңалықтар редакторы;
- Іскерлік медианың жетекші журналисті.
Негізгі құзыреттер:
- Іскерлік БАҚ үшін, түрлі әлеуметтік алаңдар мен сайттар үшін сапалы контент, әлеуметтік желілерде орналастыруға бағытталған материалдар жасау;
- Түрлі форматтағы технологияларға ие болу: фото -, аудио -, видео, мультимедиялық технологиялар;
- Қазіргі экономикалық концепцияларды, ақпараттық кәсіпорындарды ұйымдастырудың жаңа нысандарын, бизнес-коммуникацияның қазіргі заманғы жүйесін білу;
- Қазіргі заманғы бизнес-ортаны және әлеуметтік маркетингті талдау дағдыларын меңгеру;
- Маркетингтік құраушы ретінде жарнамалық құралдарды меңгеру;
- Компания мен жеке тұлғаның брендін жылжыту;
- Іскерлік басылымдардың типологиясын, іскерлік басылымдардың дизайнының ерекшелігін, PR-құрылымдар қызметінің әдістері мен нысандарын, БАҚ және бизнестің өзара әрекет ету тәсілдерін білу;
- Әртүрлі Басқару жүйелеріндегі жұмыс (Joomla, Wordpress, Drupal), JavaScript (сценарий тілі) және т. б.;
- Сайт құру және дизайнында бағдарлану, желілік басылымдар үшін ыңғайлы мәтіндер жасау, іздеу жүйелері үшін мәтіндерді оңтайландыру, SEO-алға басуды меңгеру.