БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ: Еңбек нарығы және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес, білім алушылардың басқа тілді құзыреттерді қалыптастыруға халықаралық-стандарттық деңгейлік қойылатын талаптарды ескере отырып, екі шет тілі мұғалімінің функцияларын орындауға қабілетті құзыретті мамандарды дайындау.
БЕРІЛЕТІН ДӘРЕЖЕ: Білім бакалавры.
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ:
- әкімшілік;
- басқарушылық сала;
- білім және ғылым саласы;
- мәдениет және мәдениет аралық қатынас саласы;
- халықаралық қатынастар саласы;
- баспа ісі саласы;
- бұқаралық-ақпараттық құралдар саласы;
- ақпараттық-талдау саласы.
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ НЫСАНЫ:
- бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп;
- мамандандырылған мектеп;
- орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
- білім саласындағы уәкілетті жергілікті және атқарушы органдар;
- мәдениет нысандары.