Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"IT-медицина"

ББ мақсаты:

Денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша дағдылары бар мамандарды даярлау.

 

Білімнің үш саласындағы құзыреттілікті біріктіретін маман: ақпараттық технологиялар, медицина, статистика және мәліметтерді талдау. IT-медиктер үлкен мәліметтермен жұмыс істейді, медициналық ақпаратты талдайды және жүйелейді. Олар емдеу және диагностикалық жабдықтар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жасайды. Дұрыс диагноз қою миллиондаған пациенттерді диагностикалау және емдеу барысында жинақталған деректердің үлкен көлемін талдауға негізделеді. Медицинадағы ақпараттық технологиялар жөніндегі маман осы деректерді талдап қана қоймай, жасанды интеллектке нақты диагноз қойылуын ғана емес, пациенттің дұрыс ем алуын қамтамасыз ететін алгоритмдер мен бағдарламаларды жасай білуі тиіс.

 

Кәсіби қызмет саласы:

Ғылыми зертханалар, ірі медициналық компаниялардың зерттеу орталықтары; ауруханаларды, емханаларды және олардың мәліметтер қорларын компьютерлік қамтамасыз етуді техникалық қолдау, нозологиялық және басқа да белгілерге сәйкес пациенттер туралы келіп түскен барлық ақпаратты жүйелеу және талдау, медициналық әкімшілік жүйесі, ауруханалық медициналық ақпараттық жүйелер, іздестіру жүйелері, диагностикалық зерттеулерді есепке алу жүйелері, телемедицина жүйелері және т.б.

 

Кәсіби қызметінің типтік міндеттері:

  • ақпаратты-бағдарламалық кешендер компоненттерінің сәулетінжәне оған сәйкес адам-машиналықинтерфейстерін жобалау;
  • ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеу техникасы құралдарынқолдану;
  • кәсіби қызмет объктілерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық және математикалық элементтерін жобалау;
  • кәсіби қызмет объктілерінің жұмыс істеуімен байланыстағы ақпараттық және есептеу үрдістерінің бағдарламалық және математикалық модельдерін зерттеу және құру;
  • есептеу техникасы жабдықтары мен жүйелерінің, процестердің, құбылыстардың математикалық моделдьдерін жүзеге асыру және таңдау;
  • кәсіби қызмет объктілерін зерттеу және өңдеу процесін ұйымдастыруда инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтары технологиясын таңдау;
  • ақпараттық басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, есептеу техникасын, жүйелік, инструментальды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуін қалыпқа келтіру және орнату;
  • ақпараттық басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу.
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз