«IT-менеджмент» білім беру бағдарламасы студенттерге инновациялық процестер мен шешімдерді басқарудың теориясы мен практикасын үйретуге арналған. Негізгі аспектілер – жаңа өнімді әзірлеу, стратегиялық маркетинг, сату және сатудан кейінгі қызметті басқару, бизнес-интеллект, ашық инновациялар және кәсіпкерлік. Зерттеу нысаны – бұл өнімді және бизнесті дамытудың жаңа процесі. Оған мүдделі тараптардың әртүрлі топтарымен жұмыс істеу және біліммен алмасу процестері кіреді.
«IT-менеджмент» білім беру бағдарламасы сізге менеджмент, ақпараттық технологиялар, экономика, маркетинг және қаржы қиылысында мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - IT менеджменті, ұйымдардың дамуы және IT-процестер, сонымен қатар инновациялық IT-өнімдерді басқару саласында білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.