Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Денсаулық сақтау саласында қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жобалау, құру, әкімшілендіру, пайдалану және сүйемелдеу саласында білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
ББ инновациялық болып табылады. ББ түлектері медицина саласында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі қағидаттарын қолдана алады; медицинада заманауи ақпараттық технологияларды әзірлеу және енгізу, эксперименттік және клиникалық-диагностикалық деректерді өңдеу үшін математикалық әдістер мен заманауи қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдану; медицинада 3D модельдеу мен нейрондық желілерді қолдану мүмкіндігіне ие болады.
Кәсіби қызмет саласы:
- Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, оның Қазақстан қалаларында орналасқан филиалдары;
- Денсаулық сақтау мекемелері (ауруханалар, емханалар, денсаулық орталықтары, мамандандырылған орталықтар);
- Ғылыми-зерттеу ұйымдары, оқу орындары (медициналық колледждер).