БББ мақсаты: Оқыту үрдісін ұйымдастыруда кешенді білімі, теориялық-практикалық дайындығы, көшбасшылық қасиеті, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, қазіргі әлемде табысты қызмет етіп, өзге тілді аудиторияда конструктивті диалог құра алатын қазақ тілі мен әдебиетінің білікті педагогтарын даярлау.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетібілім беру бағдарламасы бойынша білім алуды аяқтағаннан кейін бітіруші қабілетті:
- Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін IT, смарт - және стемтехнологияларды, АКТ-ны өз бетінше пайдалана отырып, педагогикалық қызметте инновациялық идеяларды қолдану, өзіндік цифрлық білім беру ресурстарын құра алу.
- Экология және тіршілік қауіпсіздігі, экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері саласындағы жан-жақты дамыған тұлға ретінде білімдерін көрсету.
- Кәсіби, қоғамдық және өзге де қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздеу, іріктеу және қолдану дағдыларын көрсету.
- Қазақ тілінің орфографиялық, пунктуациялық нормаларына, жанрлық және стильдік талаптарына сәйкес әр түрлі мәтіндер әзірлеу.
- Басқа лингвосоциум өкіліне қазақ тілі мен әдебиетінің ұлттық ментальдік генезисін, даму сипатын, трансформациясын меңгерте отырып, біртұтас мәдениетаралық қарым-қатынас орнату.
- Сабақтың берілген мақсаттарына, білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне және оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу материалдарын әзірлеу.
- Жас кезеңіне қарай өзге тілді аудиторияда тіл білімі мен сөз өнері бойынша диагностикалық бағдарламаларды, тұлғаның жеке қабілеттерін ескере отырып коллаборативті, бейімделген білім беру ортасын жобалау.
- Қазіргі заманғы филологиялық, педагогикалық зерттеулердің нақтылы нәтижелерін қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың озық тәжірибесімен біріктіру.
- Инклюзивті жүйенің қағидаттарын ескере отырып, тіл білімі және әдебиеттану ғылымдары саласындағы білмі беру мен кәсіби қызметті бағалау.
Лауазымдарының тізімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Кәсіби қызмет объектісі: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары, бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер, мамандандырылған мектептер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары.