БББ мақсаты: Бағдарламалық инженерия саласында табысты дербес және командалық кәсіби қызметке қабілетті жоғары білікті мамандармен компьютерлік ғылым инженерлерін дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
- Қорғауға жататын ақпараттық ресурстарды, ақпарат қауіпсіздігіне қауіп-қатерді және ақпараттық процестердің құрылымы мен мазмұнын талдау негізінде оларды жүзеге асырудың мүмкін жолдарын және қорғау объектісінің қызмет ету ерекшеліктерін анықтау.
- Жақсы стильде бағдарламаларды жасай отырып, қолданбалы және практикалық есептерді шешуге қолдана білу, сдай-ақ алгоритмдердің күрделілігін бағалауды, бағдарламалауды, алынған нәтижелердің дәлдігін бағалауды және талдау құралдарын, қосымшаларды құру және жөндеу үшін әзірлемелер ортасын(лерін), әр түрлі есептерді шешуде заманауи компиляторлық ортаны қолдана отырып бағдарламаларды тестілеу.
- Мәселелерді талдауды, мақсаттар мен міндеттерді қоюды, зерттеу объектісі мен мәнін бөлуді, зерттеу әдісі мен әдістерін таңдауды қоса алғанда, зерттеу және жобалау қызметін жүргізе білу, сдай-ақ бағдарламалық инженерияны, ақпаратты қорғаудың криптографиялық және техникалық құралдарын әзірлеу, орнату, күйге келтіру және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау.
- Есептеу математикасының есептерін шешу үшін қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің мүмкіндіктерін қолдану; қазіргі заманғы математикалық аппаратты түсіну, жетілдіру және қолдану, жаратылыстану ғылымдарының, математика және информатиканың базалық білімін, негізгі фактілерді, кцепцияларды, қолданбалы математика және информатикамен байланысты теориялардың принциптерін қолдану.
- Маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыра білу және ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін арттыратын жобаларды құруға қатысу; жобалық есептеулердің алдын ала техникалық-экомикалық негіздемесін жүргізу.
- Роботтың қозғалысын бағдарламалау, роботтың реакциясын датчиктерге қосу және бағдарламалау; жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің бірінде бағдарламалық жасақтама әзірлеу.
Пәндер туралы мәліметтер: Алгоритмдеу және бағдарламалау, Робототехникаға кіріспе, Веб-Инжиниринг, Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндері, Инженерлік механика, Компьютерлік жүйелер мен желілер, Мультимедиа және интернет технология, 3D модельдеу негіздері, Бағдарламалық инженерия, Адам-машина интерфейсін жобалау, Мобильді қосымшаларды әзірлеу және сүйемелдеу, Жасанды интеллект жүйесі, IT- инфрақұрылым, Компьютерлік инженерлеу негіздері, Компьютерлік ойындарды бағдарламалау негіздері, Заманауи бұлттық технологиялар, Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері және басқалар.