Логистика – бұл тауарлар мен қызметтерді өндірудегі дискретті және үздіксіз ағындарды оңтайлы басқару туралы ғылым. Логистиканы білу-бәсекелестіктің маңызды құралына ие болу. Пайда алу және компанияның тұрақты дамуы. “Бұл гүлденген коммерциялық қызметтің шынайы философиясы”
“Логистика” білім беру бағдарламасының мақсаты заманауи логистикалық әдістерді қолдану негізінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шеше алатын, логистикалық қызметтің принциптері мен тұжырымдамаларын кәсіби меңгерген логистикалық процестерді басқару саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
“Логистика” білім беру бағдарламасының бірегейлігі бағдарламаның практикаға бағдарлануынан, бизнес-білім беруді интеграциялаудан және логистика саласындағы білім берудің қазіргі заманғы трендтеріне сәйкестіктен тұрады. “Логистика” ББ еңбек нарығында өзекті және танымал, ХХІ ғасырдағы ең сұранысқа ие мамандықтардың тізімін қамтиды.