Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Маркетинг"

Маркетинг мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры келесі салаларда талдау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметті жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды зерттеу, әртүрлі меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу;  кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану аясы өте кең. Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып табылады: мемлекеттік мекемелер,  қызмет көрсету кәсіпорындары, әртүрлі экономикалық, өндірістік және делдал кәсіпорын ұйымдары,  халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникация,  жобалық және ғылыми-зерттеу институттары,  қоғамдық ұйымдар, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері.

 

Маркетинг мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • ұйымдық-басқару қызметі кез келген шаруашылық субъектісінің маркетинг қызметін басқаруда маркетинг-менеджменттің ғылыми-әдітемелік және ұйымдық-технологиялық базасын, қағидалары мен технологияларын қолдану негізінде тиімді жүйе жасауды қарастырады;
  • өндірістік-технологиялық қызмет бакалаврдың адами ресурстарды басқару,   қамсыздандыру, өндіріс және қаржы бөлімдерінің мамандарымен бірге материалдық-техникалық қамсыздандыруды, өндірістік, инновациялық және өткізу қызметін тиімді жүргізу үшін және нарықтағы бәсекелес басымшылықты қамтамасыз ету үшін іске асырылады;
  • қызмет көрсету- пайдалану қызметі бакалаврдың маркетинг бойынша шаруашылық субъектісінің қызмет көрсету саясатын жүргізуді  негізгі және қосымша қызмет бойынша қарастырады; қатынас шығындарының және қызмет көрсету тиімділігінің есебі; қызметті жылжыту, қызмет сапасын қамтамасыз ету;
  • есептік-жобалық қызмет маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымын таңдаудан, маркетинг бюджетін және бизнес-жоспарды жасаудан, тауар ассортиментін тиімділендіру бойынша есептерді жүргізуден, тарату, тауар қозғалысы және жылжыту  жүйесін есептеуден тұрады;
  • тәжірибелік-зерттеу қызметі бакалаврдың ұйымның инновациялық саясатын жасаудан және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын және маркетингтік зерттеулер жүргізуден тұрады;
  • білім беру (педагогикалық) қызметі  осы мамандық саласында жалпы білім беру және орта арнаулы білім беру, сонымен қатар кадрлардың біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау курстарында  маркетинг пәнінен оқыту қызметімен байланысты.
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз