«Жол қозғалысын ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы жол қозғалысының қауіпсіздігі саласында жоғары білікті мамандарды дайындауға арналған және қалыптастырады:
- жүргізушілерді дайындау, қозғалысты ұйымдастыру, автомобиль жолдарын тексеру, ЖКО төмендету әдістері; қауіпсіздік тұрғысынан КҚ құрылымын талдау, бағалау саласындағы білімдер;
- жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттардың негізгі ережелерін білу;
- әртүрлі жол, көлік және метеорологиялық жағдайларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағдайларды жақсарту бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу білімі;
- жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін талдау, қозғалысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтау және ЖҚҰ техникалық құралдарын тиімді қолдану дағдысы.
Білім беру бағдарламасының түлектері ІІМ Әкімшілік полиция жүйесі, автокөлік және жол пайдалану кәсіпорындарының қозғалыс қауіпсіздігі қызметтерінде, оқу орындарында, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, автотехникалық сараптамамен, көлік құралдарын сертификаттаумен айналысатын мекемелерде жұмыс істейді.
Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы:
- ЖКО және олардың келеңсіз салдарын төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;
- жол қозғалысы, жол көлігі және "жүргізуші-автомобиль-жол-орта" жүйесі";
- көліктің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
- түрлі жол, көлік және метеорологиялық жағдайларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағдайларды жақсарту бойынша кешенді іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру.